Еркін күрестен Азия чемпионаты: ел қоржынына тағы бір медаль түсті

Қазақстандық балуан Талғат Сырбаз еркін күрестен Моңғолия астанасында өтіп жатқан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жұбаныш белдеуінде 70 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Сырбаз ирандық Мохаммадмехди Мослем Еганехомжафариді 4:0 есебімен жеңді.

Осылайша, Талғат Сырбаз Қазақстан қоржынына қола медаль сыйлады.