Семейде волейболдан әйелдер арасында Азия чемпионаты басталады

Алғашқы ойын Таиланд пен Өзбекстан құрамалары арасында өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24» ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Сайыс Қарағайлы шағын ауданындағы «Арена» мәдени-спорт кешенінде өтеді. Оған әйелдер арасындағы волейболдан сары құрлықтың ең үздік 6 командасы қатыспақ. Чемпионат аясында Қазақстан, Жапония, Таиланд, Өзбекстан және Иран елдерінің командалары бақ сынайды. Ел намысын шығысқазақстандық «Алтай» және Солтүстік Қазақстан облысының «Қуаныш» клубтары қорғайды. Чемпионат 1 мамырға дейін созылады. Кіру тегін. 

Айта кетейік, турнирдің ұйымдастырылуына Қазақстан Республикасының Волейбол федерациясы, облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен «Алтай» волейбол клубы ұйытқы болып отыр.