Головкин әлемнің үздік боксшылары рейтингінде көшбасшы позициясынан айырылып қалды

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) әлемнің үздік боксшылары рейтингінде бір саты төмен түсті.

Бұл туралы vkontakte әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасында жазылған. Boxrec.com сайты жапондық Риота Муратаны (16-3, 13КО) жеңген Головкиннің рейтингін кезекті мәрте жаңартты. Ендігіде Геннадий Головкин салмақ санатына қарамастан барлық боксшылар енген (pound-for-pound) BoxRec рейтингінде екінші орында тұр. Оның ұпайы – 688,7.

Айта кетейік, аталған ресурс GGG-ді Муратамен айқастан кейінгі келесі күні бірінші орынға шығарған болатын. Boxrec.com рейтингінде бірінші орын қайтадан мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альвареске (57-1-2, 39КО) берілді, 869,7 балл. Әлемнің үздік боксшыларының үштігін америкалық Теренс Кроуфорд (38-0, 29КО) түйіндеп тұр, 513,6 балл. Еске салайық, биылғы 9 сәуірде Риота Муратамен жекпе-жекте Геннадий Головкин WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы белдіктерінің иесі болды.