Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы қоланы еншіледі

Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы қоланы еншіледі

Көркем гимнастикадан топтық жаттығулардан Қазақстан құрамасы Бакуде өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Спортшылар доп пен лента  жаттығулардан кейін жеңіске жетті.

Алтын медальді Италия құрамасы жеңіп алса, екінші орынды жапондық спортшы еншіледі.

Айта кетейік, көп сайысқа әлемнің түкпір-түкпірінен 14 команда қатысып, турнирдің финалына 8 үздік команда жолдама алды.