Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынында бес медаль

Бір алтын, үш күміс, бір қола. Қазақстандық дзюдошылар Еуропа Кубогынан осындай олжамен оралды. Жастар арасындағы құрлықтық дода Польшаның  Познань қаласында өтті. Оған 17 елден 300-ге жуық қатысушы жиналды. Жерлестеріміз арасынан Мерей Марханбетов қарсылас шақ келтірмей, жарыс жеңімпазы атанды, деп хабарлайды «Хабар 24».

60 келіде өнер көрсеткен Мерей шешуші сында грузиялық спортшыны ұтты. Бұған қоса, ұлттық құрама сапындағы Нұрқанат Серікбаев пен Нұрсұлтан Зайзағалиев финалда есе жіберіп, күміс жүлдеге қол созды. Кейін осы жетістікті ауыр салмақтағы Жұрқамырза Шүкірбеков те қайталады.  Тағы бір қазақстандық Нұрсұлтан Жұбатқан өз салмақ дәрежесінде үздік үштікті түйіндеді. Ұлттық құраманы бастап барған Айбек Имашев «жігіттер үмітті ақтады» деген пікір білдірді. Енді осы спортшылар арасынан алдағы Азия және Әлем чемпионатында ел намысын қорғайтындар іріктеліп алынады. 

АЧ-да ТОП ЖАРҒАНАДАРДЫ ЕЛОРДА ӘУЕЖАЙЫНДА ЖАНКҮЙЕРЛЕРІ ҚАРСЫ АЛДЫ

Жеткен жетістікке тоқмейілсуге болмайды. Алда Азия ойындары мен Әлем чемпионаты бар. Құрлықтық додадан олжалы оралған жерлестеріміз  осындай пікір білдірді. Ұлттық құраманы елорда әуежайынан достары, туыстары және жанкүйерлері күтіп алды. Әсіресе, жергілікті Мәдина Бақбергеноваға ерекше құрмет көрсетті. Өйткені ол финалда Әлем чемпионатының жүлдегері қырғызстандық Мейірім Жұманазарованы ұтқан еді. Артынша Мәдинаның егізі Жәмилә Бақбергенова да чемпион атанды. Ұланбатыр қаласында өткен Азия чемпионатында қазақстандық палуандар бас аяғы бес алтын, сегіз күміс және сегіз қола жеңіп алды. Соның арқасында жалпыкомакондалық есепте 3-сатыға жайғасты. Бірінші орында Жапония, екінші орында Иран құрамалары.

ЖӘНІБЕК ӘЛІМХАНҰЛЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАҒЫН САРАПҚА САЛАДЫ 

Әлімханұлы бір айдан кейін шаршы алаңға шығады. Top Rank промоутерлік компаниясы жерлесіміздің жекпе-жегіне қатысты ресми мәлемдеме жасады. Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы мен британиялық Дэнни Дигнум арасындағы айқас 21 мамырда Лас-Вегас қаласында өтеді. Осыған қатысты Жәнібек  «қазақ елінде жаңа Әлем чемпионы болады» деген пікір білдірді. Айта кетейік, алдағы жекпе-жек 12 раундқа созылады және жеңімпаз WBO тұжырымы бойынша, уақытша Әлем чемпионы атанады. Жәнібек соңғы рет былтыр жұдырықтасты және бұрынғы Әлем чемпионы Роб Брантты жеңген еді. Осылайша  бүгінге дейін 10 жекпе-жек өткізіп, барлығында да басым болды. Ал, қарсыласы Дэнни Дигнум 15 жекпе-жек өткізіп, 14-інде жеңген. 1-еуі тең аяқталды.