Бір аяғы жоқ әйел жүгіруден әлемдік рекорд жасады

Бір аяғы жоқ америкалық әйел 102 күнде 102 марафон өткізіп, әлемдік рекорд орнатты.

Бірақ бұл жетістік Гиннестің рекордтар кітабында әлі тіркелген жоқ. 46 жастағы Джеки өтініш жіберген, бірақ аталған ұйым нәтижені тіркеу үшін бір жылға жуық уақыт кетуі мүмкін. Айта кетейін, марафоншы әйел бір аяғынан 2001 жылы айырылған. Сол кезде дәрігерлер оған қатерлі ісік диагнозын қойған көрінеді.