«Реал» Испания чемпионатын 35-мәрте жеңіп алды

«Реал Мадрид» Испания чемпионатының 34-туры аясында өз алаңында «Эспаньолмен» кездесті, деп хабарлады Prosports.kz. 

Бұл ойында 4:0 есебімен «Реал» жеңіске жетті. 

Алаң иелері сапынан Родриго (дубль), Асенсио және Карим Бензема гол соқты. 

Осылайша «Реал» 34 матчтан кейін 81 ұпай жинап, турнир аяқталуға 4 тур қалғанда чемпион атанды. 

Мадридтік клуб басты қарсыластары «Севильядан» (64 ұпай) 17 ұпай, ал «Барселонадан» (63 ұпай) 18 ұпайға ұзап кетті. Каталониялық клубтың бір ойыны кем болғанымен енді «Реалды» қуып жету мүмкін емес. 

Айта кетейік, «Реал» Испания Ла лигасын осымен 35-мәрте жеңіп алды. Бұл Испанияда рекордтық көрсеткіш. 

Ла Лига. 34-тур. 

«Реал» – «Эспаньол» – 4:0 (2:0) 

Гол соққандар:1:0 - 33 Родриго, 2:0 - 43 Родриго, 3:0 - 56 Асенсио, 4:0 - 81 Бензема.