«Астана» командасы «Джиро д’Италия- 2022» жарысына қатысатын құрамын жариялады

Astana Qazaqstan Team велокомандасы «Джиро д’Италия»-2022 жарысына қатысатын құрамын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz. 

105-мәрте өткелі отырған көпкүндік веложарыс 6 мамырда Будапештте басталып, 29 мамырда Веронада аяқталады. 

Қазақстандық команданың құрамы:

Винченцо Нибали,

Мигель Анхель Лопес,

Фабио Феллине,

Вадим Пронский,

Харольд Техада,

Джо Домброски,

Давид Де Ла Крус,

Валерио Конти 

Айта кетейік, 37 жастағы шабандоз Нибали италиялық Гранд-турда екі рет (2013 және 2016) жеңіске жеткен болатын.