Ж.Үшкемпіров атындағы турнирге 250 палуан қатысып жатыр

5 елдің мықтылары елордада бас қосты. Елордада даңқты палуан әрі Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров атындағы халықаралық турнир басталды.

Бұған Тәжістан, Қырғызстан, Өзбекстан, Иран және Қазақстанның 250 палуаны қатысып жатыр.  Грек-рим күресінен жастар арасындағы жарыс 10 салмақ дәрежесінде өтеді. Алғашқы күні жеңіл және орта салмақтағы классиктер іріктеу сындары қатысты. осы 5 салмақтағы финалдар бүгін болады. Халықаралық турнир жас палуандардың шеберлік шыңдауына әрі тәжірибе жинауына жақсы мүмкіндік дейді ұйымдастырушылар. Ал ұлттық құраманың басы-қасындағылар талантты өрендерді іріктеп, кейін әлемдік алмандарға шығаруды көздеп отыр. Байрақты бәсеке 3 күнге созылады және жалпы қорытындысы 5 мамырда белгілі болады.