ЧЛ: «Ливерпуль» финалға шықты

«Ливерпуль» финалға шықты. Футболдан чемпиондар лигасының жартылай финалы жалғасып жатыр. Оның аясында Англияның «Ливерпулі» мен Испанияның «Вильярреалы» қарымта матч өткізді. «Вильярреал» қаласында болған ойында алаң иелері есеп ашты. 3-минутта Булай Диа мергендігімен көзге түскен еді. Артынша командаласы Франсис Коклен нәтижені еселеді.

Ал екінші кезеңде керісінше Ливерпуль ойыншылары таразы басын теңестіріп, тіпті алға шығып үлгерді. Алдымен Фабиньо мүмкіндігін сәтті пайдаланды. Одан кейін 67 минутта Луис Диас, ал 74-минутта Садио Мане бір-бір голдан соғып, өз клубына жеңіс сыйлады.

Қорытынды есеп. 3:2. Қос команда арасындағы алғашқы матчта да 2:0 есебімен Ливерпуль жеңіске жеткен еді. Сондықтан Юрген Клопп баптайтын жігіттер сенімді түрлі шешуші сынға жолдама алды. Екінші жолдаманы «Реал» мен  «Манчестер Сити» сарапқа салып жатыр.

Юрген Клопп, «Ливерпуль» клубының бас бапкері:

- Ерекше матч болды. Бірінші кезеңдегі қателіктерді көріп,  қалай түзеуге боларын бағамдадым. Бірақ, ең бастысы, "оны команда дұрыс қабылдай ма?" деп уайымдағам. Жігіттер ә дегеннен бәрін түсініп, жақсы ойын көрсетті. Вильярреалға алғыс айтамыз. Команда, бапкер, стадион, барлығы керемет.