Петропавлдық команда Азияның клубтық чемпионатында бірінші орынға ие болды

Солтүстік Қазақстан облысында жеке кәсіпкер өз есебінен спорт кешенін салынып, әйелдер арасында волейболды дамытуды қолға алынды. Қайырбек Хамзин аумағы екі жарым мың шаршы метр болатын үш  қабатты заманауи спорт кешенін салуға 600 млн теңге жұмсаған. Қазір мұнда 100-ден аса бала тегін жаттығады. Олардың ішінде жергілікті қыздардан құралған «Қуаныш» кәсіби командасы да бар. Жақында олар Азияның клубтық чемпионатында бірінші орынға ие болып, Таиланд, Иран, Қырғызстан мен Өзбекстаннан келген қарсыластарынан басым түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Степан Притула, «Қуаныш» волейбол клубы директорының орынбасары:

Біз бұл доданың дебютанты болдық. Жалпы халықаралық жарысқа бірінші қатысуымыз. Финалда еліміз бен Азияның өткен жылғы чемпионы «Алтаймен» кездестік. Қиын болды. 2:0 жеңіліп жатып, соңында жеңіп кеттік. Бұл бізге әлем біріншілігіне қатысуға мүмкіндік береді.