loader

Қытайдағы жазғы Азиада белгісіз мерзімге шегерілді blogspot.om

Қытайдағы жазғы Азиада белгісіз мерзімге шегерілді

2022 жылғы 10-25 қыркүйек аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтуі тиіс жазғы Азия ойындары белгісіз мерзімге шегерілді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Азия олимпиадалық кеңесінің (АОК) сайтына сілтеме жасап.

Енді Азиада қай күндері өтетіні кейінірек хабарланады.

«Қытай Олимпиада комитеті (COC) және Ханчжоудағы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетімен (HAGOC) егжей-тегжейлі талқылаудан кейін АОК Атқарушы кеңесі бүгін Қытайдың Ханчжоу қаласында 10-25 қыркүйекте өтетін XIX Азия ойындарын кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады. XIX Азия ойындарының жаңа күндері АОК, COC және HAGOC арасында келісіліп, жақын арада жарияланады.

Ханчжоудағы Азия ойындарын ұйымдастыру комитеті жаһандық мәселелерге қарамастан ойындарды белгіленген мерзімде өткізуге өте жақсы дайындалған. Алайда жоғарыда аталған шешімді барлық мүдделі тарап пандемия жағдайын және Ойындардың ауқымын мұқият қарастырғаннан кейін қабылдады.

XIX Азия ойындарының атауы мен эмблемасы өзгеріссіз қалады және АОК бірлескен күш-жігердің арқасында ойындар сәтті өтеді деп есептейді», - делінген Азия олимпиадалық кеңесінің хабарламасында.

Бұл шешім 6 мамырда Ташкентте өткен Азия олимпиадалық кеңесі атқару комитетінің отырысында жарияланған.

Сондай-ақ...