«Канелоның» Биволдан жеңілісі. Головкинмен үшінші айқас бола ма?

Мексикалық Сауль Альварес ресейлік Дмитрий Биволдан жеңілді. Жекпе-жек Лас-Вегаста өткен бокс кешінің басты оқиғасы болды.

Кездесу 12 раундқа созылды. Бивол аутсайдерлер қатарында болғанына қарамастан соққыларға төтеп беріп, жеңіске жетті. Кәсіби бокста бұған дейін 57 рет жеңіске жеткен Альварестің екінші ұтылысы. Енді Канелоның Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жегін өткізуі күмән тудырады.