Зәуреш Ақашева WTT Feeder турнирінде жеңіліс тапты

Қазақстандық үстел теннисшісі Зәуреш Ақашева WTT Feeder турнирінің 1/32 финалынан әрі аса алмады.

Ол жапониялық Хано Ёсимотомен кездесіп, оған 2:4 (4:11, 11:3, 11:8, 8:11, 8:11, 8:11) есебімен жол берді.

Енді Зәуреш 11-15 мамыр аралығында Фремонттан WTT Feeder кезекті жарысы өтетін Уэстчестер округіне (Нью-Йорк штаты) көшеді.

prosports.kz

Сондай-ақ...