Анна Данилина Римдегі турнирдің жұптық сынында екінші айналымға өтті

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Римде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің жұптық сынында екінші айналымға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші айналымда Анна ресейлік Екатерина Александровамен бірге италиялық Анастасия Гримальская/Клаудия Джовин жұбын екі сетте жеңді.

1 сағат 21 минутқа созылған кездесу 6:3, 6:4 есебімен аяқталды.