Валентина Хальзова бокстан әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Валентина Хальзова бокстан әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Ыстамбұлда бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты басталды. Қазақстандық Валентина Хальзова (70 келіге дейін) турнирдегі алғашқы қарсыласын жеңді, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Оның 1/16 финалдағы қарсыласы Кения өкілі Лорна Куса Симби болды. Біздің спортшымыз жекпе-жекті екі нокдауннан кейін бірінші раундта аяқтады. 

Хальзованың келесі қарсыласы оңтүстік кореялық Суджин Сеон болмақ.