Еуро-2024: іріктеу кезеңі қазанда өтеді

Футболдан Еуропа чемпионатының финалы Берлиндегі олимпиадалық стадионда өтеді. УЕФА атқарушы комитеті «Еуро-2024» ақтық кезеңінің кестесін белгіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дода маусымның 14-і мен шілденің 14-і күгі аралығында Германияның 10 қаласында өтеді. Алаң иелері - Германия құрамасы Еуропа чемпионатының алғашқы ойынын Мюнхендегі стадиондағы кездесумен ашады. Жарыстың қалған қатысушылары аты іріктеу ойындарынан кейін белгілі болады. Ал Іріктеу кезеңінің жеребесі биыл қазанның 9-ы күні өтеді.