Бокстан әлем чемпионаты: бүгін шаршы алаңға кімдер шығады

Бокстан әлем чемпионаты: бүгін шаршы алаңға кімдер шығады
olympic.kz

Бокстан әйелдер арасындағы Әлем чемпионатында бүгін, 13 мамырда қазақстандық екі спортшы шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды Рrosports.kz.

Түркияның Ыстамбұл қаласында өтіп жатқан Әлем чемпионатында бүгін, 13 мамырда кешкі сессияда Гүлсая Ержан (81 келі) украиналық Олеся Крысюкпен кездеседі.

Ал Ләззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары) түркиялық Шеннур Демирмен жекпе-жекке шығады.