Жасөспірімдер арасында республикалық турнир басталды

Елорда әкімінің кубогі.

Дәл осындай атаумен астанамызда жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир басталды. Оған жергілікті командадан бөлек Көкшетау, Қостанай және Павлодар қалаларының клубтары жиналды. Бас-аяғы 6 құрама алдағы 3 күн бойы өзара мықтыны анықтайды.

Жарыс нәтижесінде «Үздік қақпашы», «Үздік шабуылшы» және «Үздік қорғаушы» аталымдары бойынша арнайы сыйлықтар табысталмақ. Өйткені 14-15 жас футболда нағыз қалыптасып, кәсіпқой бағытқа ауысатын аралық. Сондықтан жас спортшыларға барынша мотивация беріп, болашақ чемпиондар даярлығына ден қойсақ дейді ұйымдастырушылар. Осындай форматтағы жарысты алдағы уақытта тұрақты өткізу жоспарланып отыр.