Дэвис кубогы: Қазақстан құрамасы жарысқа қай күндері шығады

Теннистен Қазақстан құрамасы D тобында 13-18 қыркүйек аралығында Глазгода (Ұлыбритания) ойнайды. 13 қыркүйекте құрамамыз Нидерландпен кездеседі.

Матч елорда уақытымен 21:00-де басталса, екінші кездесу 15 қыркүйекте АҚШ құрамасымен болмақ. Басталу уақыты – 21:00. Қорытынды ойын 18 қыркүйекте Ұлыбританиямен өтеді: басталу уақыты – 19:00.

Дэвис кубогының топтық кезеңі әртүрлі төрт қала өтіп, плей-офф кезеңі Испанияның Малагасында ұйымдастырылмақ. Төрт топтан плей-оффқа үздік екі команда шығады. Жеңімпаз 23-27 қараша аралығында анықталады.

Өзге топтардың ойындары Болонья (Италия), Валенсия (Испания) және Гамбургте (Германия) өтеді.

Болоньяда өтетін А тобында Италия, Хорватия, Аргентина және Швеция өзара кім мықтыны анықтаса, Валенсиядағы В тобында Испания, Канада, Сербия мен Оңтүстік Корея ойнайды. Гамбургтегі С тобында Германия, Франция, Бельгия мен Австралия бар.

Естеріңізге сала кетейік, іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы Норвегиядан басым түскен.