ӘЧ: қазақстандық хоккейшілер Франция құрамасымен кездеседі

ӘЧ: қазақстандық хоккейшілер Франция құрамасымен кездеседі
Sports.kz.

15 мамырда Қазақстан құрамасы Финляндияда өтетін шайбалы хоккейден әлем чемпионатында екінші ойынын өткізеді, деп хабарлайды Sports.kz.

Қазақстан Франция құрамасымен ойнайды. Бұл матчты Qazsport телеарнасынан көруге болады. Трансляция Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 19:20-да басталады. Еске сала кетсек, Қазақстан құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатындағы бірінші ойынында Дания құрамасынан 1:9 есебімен жеңілді. Қазақстаннан жалғыз шайбаны матч соңында (59-шы минут) Кирилл Савицкий соқты.