Сурдлимпиада: балуандар бес медаль олжалады

Бразилияда өтіп жатқан 24-ші Сурдлимпиада ойындарында қазақ балуандары еркін күрестен 5 медаль ұтып алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақтық сайыста Иран спортшысын жеңген Хайратхаан Шонку алтыннан алқа тақты. Бұл оның осы жарыстағы екінші жеңісі. Алдында Шонку грек-рим күресінде топ жарған болатын. Сондай-ақ Ғабит Есжанов, Сабыржан Рсалы мен Ғасыр Тұрғынбай екінші орынға табан тіреді. Ал Бексұлтан Малайдар қола медальды қанжығаға байлады. 2 мамырда басталған Сурдлимпиаданың бүгін соңғы күні. Жарыс жолын қазақтандық жеңіл атлеттер түйіндеуі тиіс.