Ақтауда әлем чемпионының қатысуымен бокс кеші өтеді

11 маусымда Ақтауда Adal Promotions проуметерлік компаниясының ұйымдастыруымен кәсіби бокс кеші өтеді. Іс-шара аясында танымал қазақстандық былғары қолғап шеберлері шаршы алаңға шығады.

Промоушен инстаграмдағы парақшасында әуесқойлар арасында әлем чемпионы, жартылай ауыр салмақта WBO Youth нұсқасы бойынша чемпиондық белбеу иегері Бекзат Нұрдәулетов (4-0, 2 КО), орта салмақта WBO International нұсқасы бойынша чемпион Мейірім Нұрсұлтанов (16-0, 9 КО) және екінші жеңіл салмақ өкілі Бекман Сойлыбаев (13-1, 5 КО) пен өзге боксшылар өнер көрсететінін хабарлады. Қазақстандықтардың қарсыластарының есімдері әзірге белгісіз.

Бұл боксшылардың барлығы мұның алдында 5 ақпанда Ақтауда рингке шығып, мерзімінен бұрын жеңіске жеткен.