Қазақстандық бес боксшы әлем чемпионатында жартылай финалға өтті

5 боксшымыз жартылай финалда. Түркияның Ыстамбұл қаласында әйелдер арасында әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Жарыстың кезекті күні ширек финалдық жекпе-жектер өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе, жеңіл салмақтағы Алуа Балқыбекова үндістандық Ниту Нитуды ұпай көрсеткішімен ұтты. Артынша оның жеңіс жолын 52 келідегі Жайна Шекербекова, 54 келідегі Дина Жоламан және 57 келідегі Карина Ибрагимова жалғастырды. Орта салмақта Валентина Хальзова да қарсыласын жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды. Ал, ауыр салмақта ел намысын қорғаған Гүлсая Ержан литвалық боксшыға есе жіберді. Қорытынды есеп: 4:1. Енді қыздар бірер күн тынығады. Әлем чемпионатының финалдық сындары 19-шы және 20-шы мамырда өтеді. Айта кетейік, биылғы бәсекеге 73 елден 300-ден аса қатысушы жиналды және бұл өзіндік рекорд саналады.

Жалпы есепте 13-орындамыз. Бразилияның Кашиас-ду-сул қаласында сурдолимпиада ойындары мәресіне жетті. Биылғы бәсекеге 73 елден 2500 спортшы қатысқан еді. Қазақстан атынан 65 атлет өнер көрсетті. Нәтижесінде ұлттық құама бас-аяғы 28 мелдаль жеңіп алды. Оның үшеуі алтын. Бірақ, құзырлы минитсрлік дзюдошы Еркебұлан Қанафиннің жетістігіне күмәнмен қатап, арнайы сараптама жасайтынын алға тартты. Өйкені, ол ұлттық құрама сапында болмаған және есту қабілеті төмендердің тізімінде жоқ. Қалған қос алтында грек-рим күресі мен жеңіл атлетика шеберлері жеңіп алды. Бұған қоса ел қоржыныда 7 күміс пен 18 қола бар. Осының арқасында ұлттық құрама жалпы командалық есепте 13-ші сатыға жайғасты. Топ басында 138 медаль жеңіп алған Украина құрамасы. Үздік үштікті АҚШ пен Иран түйіндеп тұр.

ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА ЕҢ ТӨМЕНГІ САТЫДА

Қазақстан ең соңғы сатыда. Дәл қазір Финляндияның Хельсинки қаласында хоккейден ерлер арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр. Дүниежүзілік додаға жолдама алған 16 команда іріктеу кезеңі аясында қос матчтан өткізіп үлгерді. Осы тұрғыда халықаралық хоккей федерациясы өзіндік сапраптама жасап, командалар әлеуетіне қатысты рейтингті жаприялады. Бұл тізімде ұлттық құрама 16-орында тұр. Юрий Михаилис баптайтын жігіттер күні кеше Франциямен жолығып, 2:1 есебмен жеңілген ед. Ал, оның алдында Даниядан ойсырай ұтылды. Қорытынды есеп: 9:1. Енді қазақстандық құрама бүгін Швейцариямен кездесуі керек. Айта кететйік, дәл осы Швейцария арнайы тізімнің бірінші сатысында тұр. Одан кейінгі орындарға Канада мен Финляндия орналасты. Хельсинки қаласындағы турнир 29 мамырға дейін жалғасады.