470,90 450,91 8,85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды

  • 113
  • UPD: 10:38, 17.05.2022
Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды olympic.kz

Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жеңіл салмақта (48 кг) жұдырықтасқан ол Ниту Нитуды айқын басымдықпен жеңді. Нәтижесінде, бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды. 

Айта кетерлігі, оның жартылай финалдағы қарсыласы болгариялық Севдо Асенова болмақ.

Ыстамбұлда өтіп жатқан әлем біріншілігі 20 мамырға дейін созылады. 

Хабар 24 телеарнасы