Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы ойындар кестесі жарияланды

Қазақстан футбол федерациясы құрамамыздың Ұлттар лигасындағы ойындар кестесін жариялады.

Магомед Адиев шәкірттері турнирдің алғашқы матчында Әзербайжанды қабылдайды. Кездесу 3 маусым күні елордадағы «Астана Арена» стадионында өтеді. Басталу уақыты – 20:00.

Екінші турде құрамамыз сырт алаңда Словакиямен жолығады. Ойын Трнава қаласындағы «Антон Малатински» стадионында өтеді. Матч елорда уақытымен 6-сынан 7 маусымға ауған түні сағат 00:45-те басталады.  

10 маусымда ұлттық құрама Беларуське қарсы матч өткізеді. УЕФА шешімімен бұл кездесу бейтарап алаңда ؘ– Сербияның Нови-Сад қаласындағы «Караджордже» стадионында көрерменсіз өтеді. Басталу уақыты  – 10-ынан 11 маусымға ауған түні 00:45-те.

13 маусымда командамыз Ұлттар лигасындағы топтың кезеңнің жазғы бөлігін Словакиямен өтетін ойынмен аяқтайды. Кездесу елорда уақытымен 20:00-де басталады.

22 қыркүйекте Қазақстан Беларусьті қабылдаса, топтық кезеңді Әзербайжанға қарсы матчпен аяқтайды.

Ұлттар лигасындағы Қазақстан құрамасының ойындар кестесі:

3 маусым. Қазақстан – Әзербайжан

6 маусым. Словакия – Қазақстан

10 маусым. Беларусь – Қазақстан

13 маусым. Қазақстан – Словакия

22 қыркүйек. Қазақстан – Беларусь

25 қыркүйек. Әзербайжан – Қазақстан.