Әлем чемпионаты: отандық боксшылар ақтық финалға жолдаманы кіммен сарапқа салады

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының 5 спортшысы әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бұл күндері Түркияның Ыстамбұл қаласында бокстан әйелдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Байрақты бәсекеге ел құрамасынан 12 спортшы аттанып, оның бесеуі жартылай финалда жұдырықтасады. Олар:  

48 кг: Алуа Балқыбекова - Севда Асенова (Болгария);
52 кг: Жайна Шекербекова - Джутамас Джитпонг (Таиланд);
54 кг: Дина Жоламан - Лакрамиоара Перишоч (Румыния);
57 кг: Карина Ибрагимова - Лин Ю-Тин (Тайпей);
70 кг: Валентина Хальзова - Алсинда Хелена Пангуан (Мозамбик).

Жартылай финал 18 мамыр, ал финал 19-20 мамырға жоспарланған.