Италия велокөпкүндігінде қазақстандық спортшы 12-ші орында

Алда әлі 11 кезең бар. Италияның таулы–қыратты аумағында дәстүрлі велокөпкүндік жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Джиро де Италияның кезекті, яғни, 10-кезеңінде спортшы 196 шақырымды бағындырды. Нәтижесінде эритриялық Биньям Гирмай топ жарды. Ол аталған аралықты 4 сағат 32 минут 07 секундта жүріп өтті. Ал қазақстандық клуб сапынан ең тәуір көрсеткішке Фабио Феллине қол жеткізді. Ол мәре сызығын 12-ші болып кесті. Ал команда үздігі Винченцр Нибали 15-сатыға тұрақтады.Осының арқасында Нибали жалпы есепте 13-ші болып тұр және топ басындағы Хуан Педро Лопестен 3 минутқа қалып келеді. Сонықтан «Астана» үмітті үзбейді. Алда әлі 11 кезең бар. Биылғы бәсеке 29 мамырға дейін жалғасады. Осы аралықта шабандоздар бас-аяғы 3 500 шақырымды жүріп өтуі керек.