Әлем кубогінен қазақстандық кикбоксшылар олжамен оралды – Түркия

Қазақстандық кикбоксинг шеберлері әлем кубогінен 9 алтын, 5 күміс және 21 қолаға ие болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биылғы бәсеке Түркияның Ыстамбұл қаласында өтті және оған 48 мемлекеттен мыңдаған спортшы қатысты. Араларынан ұлттық құрама спортшылары 35 мәрте жеңіс тұғырынан табылып, жалпыкомандалық есепте 2-орынға тұрақтады. Ел абыройын асқақтатқан жігіттерді елорда әуежайынан достары, туыстары және жанүйерлері күтіп алды. Айта кетейік, әлемдік аламан кадеттер, жастар және ересектер арасында өтті. Оның ішінде 54 келіде Арсен Сойырқас, 60 келіде Сезімжан Хантыбектер алдына жан салмады. Ал кикбоксингтің ең тарысты К-1 түрінде қазақстандық Ақжол Қосыбаев чемпион атанды.

ВЕЛОКӨПКҮНДІКТІҢ КЕЗЕКТІ КЕЗЕҢІ

«Астана» шабандозы 12-ші орында. Италияның таулы –қыратты аумағында дәстүрлі велокөпкүндік жалғасып жатыр. Джиро де Италияның кезекті, яғни, 10-шы кезеңінде спортшы 196 шақырымды бағындырды. Нәтижесінде эритриялық Биньям Гирмай топ жарды. Ол аталған аралықты 4 сағат 32 минут 7 секундта жүріп өтті. Ал, қазақстандық клуб сапынан ең тәуір көрсеткішке Фабио Феллине  қол жеткізді. Ол мәре сызығын 12-ші блып кесті. Ал, команда үздігі Винченцо Нибали 15-ші сатыға тұрақтады.Осының арқасында Нибали жалпы есепте 13-ші болып тұр және топ басындағы Хуан Педро Лопестен 3 минутқа қалып келеді. Бірақ, үмітті үзбейді. Өйткені, алда тағы 11 кезең бар. Биылғы бәсеке 29-шы мамырға дейін жалғасады. Осы аралықта шабандоздар бас-аяғы 3 500 шақырымды жүріп өтуі керек.

ҚАТАРЫНАН ҮШІНШІ ЖЕҢІЛІС

Қатарынан үшінші жеңіліс. Финляндияның Хельсинки қаласында хоккейден әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Жарыстың кезекті күні Қазақстан және Швейцария құрамалары жолықты. Алғашқы голды қарсыластар соқты. Ал ұлттық құрама ойыншылары қарымта шайбамен жауап беріп отырды. Матч барысында Джесси Блэкер мен Валерий Орехов мергендігімен икөзге түскен. Бірақ таразы басын теңестіре алмады. Қорытынды есеп: 3:2. Айта кетейік, осының алдында ұлттық құрама Франция және Дания командаларына да есе жіберген еді. Нәтижесінде, «А» тобының ең соңғы сатысында тұр. Юрий Михаилис баптайтын жігіттер енді Канада құрамасымен жолығады. Матч ертең өтеді. Хельсинки қаласындағы турнирдің жалпы қорытындысы 29 мамырда белгілі болады.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕЙТИНГЛІК ТУРНИР

Жұқаев ширек финалға шықты. Шымкентте теннистен рейтингілік турнир өтіп жатыр. Жарыстың кезекті күні кордқа қазақстандық Бейбіт Жұқаев пен ресейлік Әлібек Качмазов жұбы шығып, тағы бір қазақстандық және ресейлік жұпты айқын басымдықпен ұтты. Қорытынды есеп: 6:1, 6:2. Осының арқасында Жұқаев пен Качмазов ширек финалға жолама алды. Ал жекелей сында дәл осы Жұқаев үндістандық Аши Кумар Мукундтан басым түсті. 21 жастағы жерлесіміз қазір әлемдік рейтингтің 491-ші сатысында тұр. Ал қарсыласы 418-ші. Соған қарамастан айқын басымдықпен ұтып, келесі кезеңге өтті. Енді ол америкалық Эван Чжумен жолығады. Тағы бір қазақстандық Денис Евсеев екінші айналымда жапониялық Каичи Учидамен кездеседі. Шымкенттегі жарыс 22 мамрыға дейін жалғасады.

Бейбіт Жұқаев, теннисші:

Жарысты ертерек аяқтайтын мүмкіндік болған. Бірақ кейбір соққыларым ойдағыдай шықпады. Қалай болғанда да жеңіске жеттім және нәтижеге көңілім толады. Енді келесі кездесуге дайындықты бастаймын. Қырсыласым осал емес. Жұптық сында да жеңіске жетуге тырысамыз.