Месси ПСЖ клубына миллиондаған табыс әкелді

Франция чемпионатының көшбасшысы биылғы маусымда 700 миллион еуро табыс тапты, деп хабарлайды vesti.kz.

Өткен жылы жазда Лионель Месси париждік клубқа ауысқан соң ПСЖ командасымен 11 демеуші келісімшарт жасасқан. Соның арқасында клуб 310 миллион еуро табысқа кенелді. Бір жылдың ішінде команданың бір миллион жейдесі сатылған. Соның 60 проценті Мессидің жейдесін таңдаған екен. Небәрі жарты жылдың ішінде атрибутикалардан түскен табыс 41 миллионға жетті.

Салыстырмалы түрде 2019-2020 жылғы маусымда билеттерден түкен табыс 90 миллион еуро болса, биыл клуб 132 миллион табыс тапқан.

Еске салайық, Аргентина құрамасының капитаны, әлем футболының жарық жұлдызы Лионель Месси өткен маусымда ПСЖ сапына ауысты. Франция біріншілігінде өткізген 25 матчта 6 гол соқты.