Садақ атудан Қазақстан құрамасы Әлем кубогы кезеңіне қатысып жатыр

Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында садақ атудан Әлем кубогының ІІ кезеңі басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Аталған әлемдік додаға Қазақстан сапынан 13 спортшы қатысып жатыр. Олар: Санжар Мұсаев, Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай, Сұлтан Дүзелбаев, Фарида Түкебаева, Алина Ильясова, Мадина Заемова, Виктория Лян, Адель Жексенбинова, Роксана Юнусова, Акбарали Қарабаев, Бунед Мирзаметов, Шамиль Сагутдинов.

Айта кетерлігі, Кванджоудағы әлем кубогінің кезекті кезеңі 22 мамырға дейін жалғасады.