Алуа Балқыбекова бокстан әлем чемпионатының финалына жолдама алды

Алуа Балқыбекова бокстан әйелдер арасында әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ыстамбұлда өтіп жатқан әлем чемпионатында жартылай финалдық жекпе-жектер басталды. 48 келіде шаршы алаңға шыққан отандасымыз Алуа Балқыбекова қарсыласын Севда Асенованы бірінші раундта нокаутпен жеңді.

Алуа Балқыбекованың ақтық финалдағы қарсыласы Түркия спортшысы Айсе Чагирыр болмақ. 

Айта кетерлігі, әлем біріншілігінің финалдық кезеңі 19-20 мамыр күндеріне жоспарланған.