Ыстамбұлда бокстан әйелдер арасындағы ӘЧ жалғасып жатыр

Балқыбекова финалға шықты. Түркияның Стамбұл қаласында бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Жарыстың кезекті күні жартылай финалдық жекпе-жектер өтті.

Айта кетейік, бұл сынға 5 жерлесіміз жолдама алған. Араларынан Алуа Балқыбекова ғана сәтті өнер көрсетті. 48 келіге дейінгі салмақта сынға түскен ол болгариялық Севда Асеновамен жолыққан. Жекпе-жек бірінші раундта аяқталды. Алуа қарсыласын техникалық нокаутпен ұтты. Енді шешуші сында Түркия өкілі Айсе Чагирырмен кездеседі. Алуа Балқыбекова бұған дейін Азия чемпионатында топ жарған еді. Енді әлем чемпионатының да биігін бағындырсам деді жекпе-жектен кейінгі сұхбатында.

Қоржында 4 қола медаль

Ал қалған қыздарымыз финалға шыға алмады. Жартылай финалда 4 қызымыз қарсыласқа есе жіберіп, қола жүлдені қанағат тұтты. Ең алдымен Жайна Шекербекова Таиланд спортшысымен жолығып, төрешілер шешімімен ұтылып қалды. Қорытынды есеп: 4:1. Ал 57 келідегі Карина Ибрагимова Тайбей өкілінен 5:0 есебмен жеңілді. Бұған қоса орта салмақтағы Валентина Хальзова Мозамбик атынан шыққан Алсинда Хелена Пангуанға жол берді.

«Бірақ төрешілер шешіміне қатысты сұрақ бар», - дейді қазақстандық боксшы. Өйткені қарсыласы нокдаун алған болатын. Бұған қоса 54 келідегі Дина Жоламан да жартылай финалдан жарысты тоқтатты. Осылайша ел намысын қорғауға аттанған 12 қыздың бесеуі жүлдеге ілікті. Оның төртеуі қола.