Амир Маймұратов спорттық құзға өрмелеуден әлем кубогі кезеңіне қатысады

Қазақстандық атлет спорттық құзға өрмелеуден әлем кубогінің кезеңіне қатысады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Спорттық құзға өрмелеуден Қазақстан құрамасының мүшесі Амир Маймұратов бұл күндері Солт-Лейк-Ситиде әлем кубогінің кезеңіне қатысып жатыр. 

Жоспар бойынша 20-22 мамыр, 27-29 мамыр күндері АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында жылдамдық пен боулдеринг бойынша әлем кубогінің кезеңі өтеді.