Хоккейден әлем чемпионаты: қатарынан төртінші жеңіліс

Жарыстың кезекті күні Қазақстан және Канада құрамалары жолықты, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Есепті біздің жігіттер ашты. Ойын басында Егор Петухов мергендігімен көзге түскен. Канада хоккейшілері ә дегеннен таразы басын теңестірді. Артынша Аркадий Шестаков да мүмкіндігін мүлт жібермей, Қазақстан құрамасын алға шығады. Бірақ басымдықты ұзақ сақтай алмады. Қорытынды есеп: 6:3. Осының арқасында Канада 12 ұпай жинап, «А» тобының бірінші сатысына жайғасты. Ал Қазақстан құрамасы 0 ұпаймен ең соңында тұр.

Юрий Михаилис баптайтын жігіттер енді бүгін Словакия хоккейшілерімен кездеседі. Хельсинки қаласындағы турнир 29 мамырға дейін жалғасады.

ФУТБОЛДАН ӘУЕСҚОЙЛАР АРАСЫНДАҒЫ АРНАЙЫ ЛИГА АЯҚТАЛДЫ

Қарапайым мемлекет қызметкерлері, оның ішінде құтқарушылар, қаржыгерлер, экологтар, денсаулық сақтау саласының мамамандары, бас-аяғы 20 команда кешкісін жасыл алаңда бас қосып, 3 айға жуық өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде үздік атанғандары «Астана Аренада» бас жүлдені сарапқа салды. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз командадан бөлек, ойыншылар «Үздік қақпашы», «Үздік шабуылшы» және «Үздік қорғаушы» аталымдары бойынша марапатталды. 

Айта кетейік, арнайы лига осымен 6-рет ұйымадстырылып тұр және ол бұқаралық спортты дамытудың кешенді жоспарына қосылған.