Қасым Әнуарбек OCTAGON чемпиондығын сенімді қорғады

Қазақстандық танымал OCTAGON промоушені O30 турнирінің басты жекпе-жегінде Қасым Әнуарбек титулын қорғады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирде ұйымның аса жеңіл салмақтағы чемпионы қазақстандық Қасым Әнуарбек (6-2) әзербайжандық Руслан Рустамовпен (12-9) жұдырықтасып, чемпион титулын қорғап қалды.