«Қайрат» АФК Әзербайжан құрамасының шабуылшысын қатарына қосуы мүмкін

Бразилиялық ойыншы Рафаэл Вилела мансабын «Қайрат» АФК-да жалғастырады деген болжам бар, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Қазір ол «Тюмень» командасының сапында ойнайды. Ресейлік клуб шабуылшысын «Қайратқа» жалға беруді қарастырып жатыр. Айта кетейік, бразилиялық Рафаэл Вилела футзалдан Әзербайжан құрамасының сапында ойнайды.