Қазақстан семсерлесу федерациясының президенті мен бас бапкері ауысты
- 185
- UPD: 14:09, 21.05.2022

Қазақстан ұлттық семсерлесу федерациясының кезектен тыс конференциясында президент Мирбулат Абуов пен бас бапкер Алексей Писцов қызметінен босатылды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Жиналысқа қызметінен босатылғандар келмеді. Олар 2017-2021 жылдар аралығындағы жұмыс есебін өткізуі қажет еді. Жаңа өткен сайлауда көпшіліктің дауысымен Рушидин Кичиков федерация президенті қызметіне келді. Бас бапкерлікті Андрей Алефиренко атқарады.
