Елордада мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында халықаралық турнир басталды

Елордада мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында пара-каратэ және каратэ WKF халықаралық турнирі басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елімізде өтіп жатқан дүбірлі додаға Ресейден келген спортшылар да қатысуда. Айта кетерлігі, 2018 жылы ашылған пара-каратэ федерациясында бүгінде ел бойынша 100-ге жуық мүгедектігі бар спортшы жаттығады. Еске салайық, Қазақстанда пара-каратэ бойынша 2 әлем чемпионы бар.

Мейрамгүл Дукуева, қалалық каратэ және пара-каратэ федерациясының президенті

Қазір мүгедектігі бар балаларға арналған бағдарлама тоқтап тұр. Өйткені қаржы жағынан қолдау жоқ. Соның салдарынан мүгедектігі бар балалар секцияға жазыла алмай жатыр. Бүгінде 30 зағип бала кезекте тұр. Қазір 2 әлем чемпионы Лиза мен Керім олармен тегін жұмыс істеп жатыр. Енді біз Artsport-тың ашылуын асыға күтеміз.