Амангелді Сейітханов атындағы турнир өтті

Жарысқа еліміздің 8 өңірінен 16 команда қатысты. Арасында Амангелді Муатханұлының өзі құрған команда да бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алаштың Амангелдісі. Амангелді Сейітхановты туған халқы осылай деп атайтын. Ол Арысты айтпағанда, Тәуелсіз Қазақстанның  спорт журналистикасын негізі салушыларды бірі және бірегейі болды. Ол халқын қалай сүйсе, спортты да солай жақсы көрді. Әсіресе, футбол десе, жанын берді. Футболдың өзі – өмір. Жасыл алаңда қалай ойнасаң, өмірде де солай ойнайсың деп үнемі айтып жүретін. Сондықтан турнирдің дәл футболдан өткізілуі тегін емес.

Әзиз Жұмаділ, ұйымдастырушылар комитетінің мүшесі:

Турнирдің өзі Алматыда өтіп тұрғаннан кейін басымдықты аймақтарға берейік деп аймақтардан шақырдық. Бұл турнирге тұңғыш рет ешбір журналистердің арасына ешбір турнирге қатыспаған Атырау командасы келіп отыр. Бұл да болса Аман ағаға деген бүкіл журналистердің құрметі деп білемін.

Турнирге ақпараттық қолдау білдіріп отырған «Хабар» агенттігінде Амангелді Сейітханов 1997 жылдан бері жұмыс істеді. Сондықтан «Хабар» агенттігі үшін Әбекеңнің орны бөлек. Оны ұжымы Әбеке, Аман аға деп ерекше құрметтеді.

Берік Уәли, «Хабар» агенттігі АҚ басқарма төрағасы:

Ол кісінің ізбасарлары ол кісіні ұмытпайды. Үнемі ұлықтап отырады. Өздеріңіз білесіздер, Хабар арнасына адал болды. Өмірінің соңына дейін Хабар арнасында жұмыс жасады. Көптеген елдің есінде қалған қанатты сөздері барлығы Хабар арнасының эфирінде айтылып, халыққа кеңінен тараған болатын. Алдағы уақытта  турнир жалғасын табады.

Осы шара аясында  «Жеңісті күндерде жүздескенше» деп аталатын кітабы оқырманға жол тартты. Сондай-ақ Спорт және туризм академиясында Амангелді Сейітхановтың есімімен аталатын телестудия ашылды. Онда болашақ комментаторлар танымал спортшылардан сұхбат алып, осы мамандықтың қыр-сырын игермек.

Ерасыл Сейітханов, Амангелді Сейітхановтың ұлы:

Әкеміз «әр қазақ менің жалғызым» деп айтпақшы, әр қазағы жалғызы, бауыры еді. Қайнар ағамыз айтқандай, қазақ спортының қайрағы еді ғой. Қалың қазағы тағы бір мәрте әкемізге деген құрмет қошеметін көрсетті деп есептеймін.

Бауыржан Сейітханов, Амангелді Сейітхановтың інісі:

Өмірдегі ұстанымы – ұлтын керемет жақсы көрді. Қазақ деді, қазақ үшін көп еңбек етті . Сонда бүгінде, міне, Халқын сүйген Амангелдіге өзінің халқы қазағы  мынадай мепрейтой жасап жатыр.

Иә, ол бәріне қамқор болғысы келді. Жарыста Амангелдіге  ұқсап баққысы келіп, соған қарап өскен інілері де доп тепті. Оның  әлемдік бәсекелердегі  жігерлі сөзі бүкіл қазақтың рухын көтергені белгілі.

Арай Есенбек, тілші, /Шымкент қаласы

Ол кісі кеткенде, қатты күйзелісте болдым. Ол кісінің Ан мықты Кан мықты ма? Әлем чемпионатындағы сөз тіркесітері біздің бала кездегі, көшеде бір-бірімізге айтып қалжыңасып, Аман ағаның сондай бір әдемі комментаторлығана  тәнті болып, өзіміздің сыныптастар арасында, ауыл балаларының арасында талқылап Аман ағаны кумир тұтып өстік. Журналистиға келдік.

Еске сала кетейік, Амангелді Сейітханов жайында «Арда туған Амангелді»  деректі фильмі және «Алаштың Амангелдісі» деген атпен бейнебаян жарық көрді. Ал Сейітханов атындағы бұқаралық ақпарат құралдарының арасындағы шағын футбол жарысын  ұйымдастырушылар келесі жылы оны халықаралық деңгейге көтеруді жоспарлап отыр.

Журналистер арасында шағын футболдан Амангелді Сейітхановты еске алуға арналған турнир мәресіне жетті. Ойында Талдықорғанның «Қарекет» командасы чемпион атанды. КТК телеарнасының жігіттері екінші орынды, ал Экспресс К-ның  тілшілері үшінші орынды еншіледі.

Авторлары: Қарлығаш Қайыпбекова, Валентин Лобанов