Жәнібек Әлімханұлы жанкүйерлеріне алғыс айтты

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) нұсқасы бойынша орта салмақта британдық Дэнни Дигнумды тізе бүктіріп, уақытша әлем чемпионы атанды.

Жекпе-жек кеше Лас-Вегас қаласында өтті. Жәнібек қарсыласын бірінші раундта нокдаунға түсіріп, айқын басымдық көрсеткен. Ал екінші раундта Дэнни Дигнумды нокаутқа түсірді. Осылайша Жәнібек Әлімханұлы кәсіби бокста өзінің 12-жеңісіне қол жеткізді. Британдық боксшы үшін бұл кәсіби бокстағы алғашқы жеңіліс. Айта кетейік, WBO нұсқасы бойынша нағыз әлем чемпионы американдық боксшы Деметриус Андраде.

Жәнібек Әлімханұлы, WBO бойынша орта салмақта уақытша әлем чемпионы:

- Жеңістеріңіз құтты болсын мінеки. Бүгін шығып, жарқын өнер көрсетіп, жеңіске жеттік. Бұл дегеніміз "Qazaq Style"-ды тарихқа жазып жатырмыз. Баршаңызға алғысым шексіз. Қолдауларыңызды сездім. Бұл тек бастамасы. Құдай қаласа, әлі үлкен чемпиондық жекпе-жектер бар.

Сондай-ақ...