Астанада балалар су полосы жарысына қатысты

Елордада су добынан жарыс өтті. Спорттық додаға 7 мен 12 жас аралығындағы 250 жеткіншек қатысты.

Барлығы 28 команда өзара мықтыны анықтады. Жанкүйерлер қатарында қатысушылардың ата-аналары мен достары қолдау білдірді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, болашақта бұл турнирді халықаралық деңгейге шығару көзделіп отыр. Алдағы уақытта шетелдік ұжымдарды қатыстыру жоспарда бар. Жеңімпаздар мен үздік ойыншылар бағалы сыйлықпен және алғыс хатпен марапатталды. Көзге түскен мықтылар қалалық құрама сапына қабылданады.

Әділ Темірханов, "Astana" су полосы клубының аға бапкері:

- Бәрі осындай фестивальден басталады. Ішінен үздіктерін іріктеп, әр жас санаты бойынша құрама командаларын жасақтаймыз. Ол жақтан жасөспірімдер және жастар құрамаларына қабылданады. Ал ең мықтылары ұлттық құраманың негізгі құрамына өтіп, сыртта ел намысын қорғайтын болады.