Қазақстанның Бельгиядағы елшілігі командасы шағын футболдан жеңіске жетті

Брюссель қаласында Бельгиядағы дипломатиялық өкілдіктер командалары арасында шағын футболдан әуесқой турнир өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Жарысқа Қазақстанның атынан екі команда, сондай-ақ Қырғызстан, Беларусь және Тәжікстан елшіліктерінің командалары қатты. Футболшылар Брюссельдегі «Foret de soignes»спорт орталығының алаңында бірнеше ойын өткізді. Тартысты әрі достық сипатта өткен жарыстың нәтижесінде «Қазақстан-1» командасы жеңіске жетті, екінші орынды Қырғызстан құрамасы, үшінші орынды Беларусь құрамасы иеленді. Турнир соңында командаларды марапаттау рәсімі өтті.