«Манчестер Сити» Англия чемпионатында топ жарды

«Сити» бұл матчта таңғажайып ойын көрсетті – 0:2 болып тұрған есепті бес минутта 3:2-ге жеткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Ливерпуль» «Вулверхэмптонды» жеңген, бірақ бұл жеңіс те оларға көмектеспеді. Себебі «қалалықтар» 93 ұпаймен «Ливерпульді» (92 ұпай) басып озды.

Жалпы чемпиондық атақ тағдыры қорытынды турда шешілді, себебі одан екі клуб – «Манчестер Сити» мен «Ливерпуль» үмітті болатын, екеуінің арасын бір ұпай бөліп тұрды.

Бірақ қорытынды турда «қалалықтар» да, «қызылдар» да үш ұпай иеленіп, чемпиондық атақ «Манчестер Ситиге» бұйырды. «Вулверхэмптоннан» 3:1 есебімен басым түскен «Ливерпуль» екінші орынды қанағат тұтты.

«МСити» Англия чемпионатында осымен сегізінші рет топ жарып отыр. Бұл жағынан рекорд «Манчестер Юнайтедке» тиесілі – 20 рет.