470,90 450,91 8,85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Есмигуль Куюлова дзюдодан жастар арасында Еуропа кубогінің чемпионы атанды

  • 155
  • UPD: 11:25, 23.05.2022
Есмигуль Куюлова дзюдодан жастар арасында Еуропа кубогінің чемпионы атанды Olympic.kz

Дзюдодан Қазақстан жастар қыздар құрама командасы Еуропа кубогінен үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Испанияның Малага қаласында дзюдодан жастар арасында Еуропа кубогі өтті. Аталған байрақты бәсекеде қазақстандық бұрымды балуандар бір алтын, бір күмс және бір қола медальға қол жеткізді. 

Атап айқанда 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Есмигуль Куюлова қарсылас шақ келтірмей, жарыс жеңімпазы атанды. Ал 78 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Карина Такиева күміс медальмен күптелсе, Аида Тойшыбекова қола жүлдені қанағат тұтты. 

Айта кетерлігі, аталған бәсекеге 29 елден 320 татами шебері қатысты. 

Хабар 24 телеарнасы