Е.Тоғжанов: Арт-спортқа қаржы бөлуді әкімдік шешеді

Балалар мен жасөспірімдер арасындағы спортты дамытуға тағы 50 миллиард теңге қажет. Мұны Мәдениет және спорт министрлігі мәлімдеді.

Шенеуніктер қазынадан қаржы қарастырылған жоқ деп балалар тегін қатысатын арт-спортты жабуды жөн көріпті. Елордада 200 мыңнан астам бала бар. Ал үйірмеге ваучерлерлік кезекте 50 мыңға жуық бала тұр. Тегін спорт секцияларына жазылғысы келетіндер саны одан да көп. Қаржыландыру мәселесін Үкімет деңгейіне көтереміз деп уәде берген еді уәкілетті министрлік.