Еуропа футбол қауымдастықтары одағы УЕФА Чемпиондар лигасының финалдық матчының ресми добын таныстырды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Допта Әлем сөзі орыс (МИР) және ағылшын (PEACE) тілдерінде жазылған.
Чемпиондар лигасы-2022/23 финалы 28 мамыр күні Парижде өтеді. Жеңімпаз атағын ағылшынның «Ливерпуль» және испаниялық «Реал» клубтары сарапқа салады. Бастапқыда финал Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өту тиіс еді, алайда Ресейдің Украинаға соғыс ашуына байланысты бұл шаһар жарысты қабылдау құқығынан айырылды.
