Жасөспірімдер арасында министр кубогі үшін республикалық турнир өтті

Министр кубогі. Дәл осындай атаумен елордада жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир өтті.

Ерекшелігі сол байрақты бәсеке жекпе-жектің 4 түрі бойынша, яғни бокс, дзюдо, еркін және грек-рим күрестері бойынша ұйымдастырылды.

Айта кету керек, жарыстар бір жерде паралель өтті. Ал жеңімпаз команда жалпы нәтиже бойынша анықталды. Респбуликалық турнирге еліміздің түкпір-түкпіріндегі спорттық мектеп-интернат оқушылары ғана қатысты. Нәтижесінде елордадағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мектеп құрамасы бас жүлдені жеңіп алды. Үздік үштікті Алматы қаласы және Қызылорда облысынан келген спортшылар түйіндеді. Бұған қоса жеке аталымдар бойынша да ақшалай сыйақы табысталды. Жарыстың жалпы жүлде қоры 10 миллион теңгені құрады.