Футболдан Ұлттар лигасы басталады

Алдағы аптада футболдан Ұлттар лигасы басталады.

Жарыс аясында Қазақстан құрамасы қатарынан 4 матч өткізуі тиіс және алғашқысы елордада Әзербайжан құрамасына қарсы болады. Осыған байланысты ел намысын қорғайтын спортшылар шақырту алып, жаттығу жиынына кіресе бастады.

Өкінішке орай, негізгі деген ойыншылар жасыл алаңға шықпайды. Мәселен, Ресей чемпионатында өнер көрсететін Марат Быстров жарақатына байланысты матчқа келе алмайды. Бұған қоса «Тобылдың» шабуылшысы Айбар Жақсылықов та ойынға қатыспайды. Оның алдында Бахтиер Зайнуднинов, Юрий Логвиненко, Серикжан Мужиков және Исламбек Куаттың да әртүрлі себеппен доп тебе алмайтындары жарияланды. Жуырда ғана тағайындалған бас бапкер Магомед Адиев оларды басқа ойыншылармен алмастырды. Топтық кезең аясындағы алғашқы матч 3 маусымда Астана Арена стадионында өтеді.