Таеквондодан ұлттық құраманың бас бапкері мен мемлекеттік жаттықтырушы тағайындалды

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев таеквондодан Қазақстан құрамасының бас бапкері мен мемлекеттік жаттықтырушыны тағайындады, деп хабарлайды Қазақстан таеквондо федерациясының баспасөз қызметі.

Комитет төрағасының бұйрығымен 16 мамырдан бастап Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып Еставлетов Батырбек Жоламанұлы тағайындалды. Ал Палмағамбетов Серік Әбдірахманұлы мемлекеттік жаттықтырушы қызметіне тағайылдалды. Бұған дейін бұл қызметті Арман Шылманов атқарып келген.

Батырбек Есдәулетов – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 1997-2007 жылдар аралығында ҚР чемпионы және ҚР Кубогы иегері, Жазғы спартакиада жеңімпазы, Азия чемпионатының және бірқатар халықаралық турнир жүлдегері.

Серік Палмағамбетов – үшінші дан иесі, халықаралық турнирлердің жеңімпазы.